19 желтоқсан күні Қазақстанда 652 адам коронавирус инфекциясымен тіркелді. Бұл – 16 қарашадан бергі ең төмен көрсеткіш. Сол күні 602 науқас тіркелген. Тәулік ішінде 824 адам Covid ауруынан жазылып шыққан. Осымен коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар саны 146 584 адамға жетті. Оның ішінде 130 776 адам жазылған, 2186 адам қайтыс болған.