Қазақстандықтар қаңтар айында неше күн демалады?

Қазақстандықтар қаңтар айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 13 күн демалады. Жаңа жыл мерекесі үшін 1, 2 қаңтар күндері ресми түрде демалыс беріледі. Сондай-ақ 2 қаңтар сенбіге сәйкес келетіндіктен, 4 қаңтар да демалыс күн болып белгіленді. Осылайша, қазақстандықтар қаңтардың басында қатарынан 4 күн демалады. Айта кетейік, 2020 жылдың 31 желтоқсаны – жұмыс күні. Сонымен қатар Рождество мерекесіне орай 7 қаңтар демалыс болып бекітілді.