Үндістандағы жағдай кез келген мемлекетте қайталануы мүмкін. Коронавирустың жаңа штаммы өте қауіпті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бюросының директоры Ханс Клюге мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Бір маңызды мәселені түсіну керек, Үндістандағы жағдай кез келген мемлекетте қайталануы мүмкін. Жеке қорғаныс шаралары жеңілдетілгенде, бұқаралық шаралар өткенде және вакциналау төмен болған кезде әр елде коронавирустық дауыл көтерілуі мүмкін”, – дейді Клюге. Ал ДДҰ-ның төтенше жағдайларға дайындық жөніндегі бағларламасы жетекшісінің міндетін атқарушы Игорь Перегинецтің айтуынша, ғалымдар коронавирустың үндістандық штаммын әлі де зерттеп жатыр.