Елімізге қытайлық вакцинаның 750 мың дозасы жеткізілді

Таяуда Қытайдың коронавирусқа қарсы Sinopharm вакцинасының 750 мың дозасы ел өңірлеріне таратылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Бүгін біз қытай технологиясы бойынша өндірілген араб вакцинасын аламыз. Бұл Sinopharm компаниясының вакцинасы. Аталған вакцина бүгін түседі және Қазақстанның барлық өңіріне таратылады. “Самұрық-Қазына” қорынан бөлек, вакцинаның 750 мың дозасы ел халқына бағытталады”, – деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде. Осылайша, министрдің айтуынша, қазақстандықтар ресейлік “Спутник V”, отандық QazVac және қытайлық Sinopharm вакциналарының біреуін таңдай алады. Бұған дейін “Самұрық-Қазына” қоры қытайлық “Sinopharm” компаниясы “Vero Cell” атауымен жасаған вакцинаның бір миллион дозасын сатып алғаны хабарланған еді.