Дүниежүзінде 23 млн адам вирус жұқтырды. Оның 800 мыңға жуығы қайтыс болды. Карантиннен шыққан кейбір елдерде вирус қайта тарап жатыр. Оңтүстік Кореяда дерт қайта өршіді деп хабарлайды Sputnik. Онда күніне 200-300 науқас тіркеліп жатыр.
Бейжің тұрғындарына көшеде маскасыз жүруге рұқсат берді. Ал Берлинде мектеп оқушыларынан вирус анықтала бастады. Ливанда тағы да жалпыұлттық карантин жарияланбақ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамзат екі жылдан аз уақыт ішінде пандемиядан құтылады деп болжап отыр.