Маңғыстау облысында вирус жұқтырған бірде-бір адам анықталмады

Маңғыстау облысында вирус жұқтырған бірде-бір адам анықталмады. Ал Шығыс Қазақстан облысында бір тәулік ішінде есепке алынған науқастардың саны жағынан көш бастады деп хабарлайды Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 175 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде 68 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді. Жалпы республика бойынша ауырғандар саны 104 718 адамға жетті.