Дәрігерлер Пенжімдегі төбелестен зардап шеккендердің жағдайын айтты

“16 жастағы науқас травматология бөлімінде жатыр. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. 54 жастағы науқас хирургия бөлімінде ем қабылдауда. Екі науқастың да жағдайы орташа ауыр”, – деді Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері. Айта кетейік, 27 қазанда Пенжім ауылының мектеп территориясында жаппай төбелес болып, 16 жастағы бала ауруханаға түскен еді. Оқиға орнынан видео Instagram-дағы aqparat.kz парақшасында таралды.