Ұйым сайтында жаңа ұсынымдар жарияланды. Құжатқа сәйкес, балалар қауіп тобына кірмесе, вакцинация науқаны шұғыл түрде жүргізілуі керек. Егде жастағы және созылмалы аурулары бар адамдарға, денсаулық сақтау қызметкерлеріне басымдық берілуі қажет. Балалар мен жасөспірімдер ересектерге қарағанда COVID-19-ды жеңіл түрде қабылдайтыны жазылған. Бұған дейін Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы балаларға Спутник V вакцинасын қолдануға рұқсат алу үшін құжаттар тапсырған. Таяуда ұйым шешімі шығады.