Алматыда тағы бір адамнан үнді штамы анықталды

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Лаура Мырзағали онлайн-брифингте айтты. “Қазір “Үнді штамын” екі адам жұқтырды. Оның бірі 38 жастағы әйел мен 8 жасар бала. Олар жұқпалы аурулар ауруханасында. Басқа ауырғандар туралы ақпарат жоқ,” – деді ол. Бұрған дейін үнді штамы үй шаруасындағы әйелден анықталғаны хабарланған. Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, әйел 21 маусымда тест тапсырған. Қазір науқас жұқпалы аурулар палатасында, ал кішкентай қызы бөлек палатада. Байланыста болған жеті адам оқшауланды.