Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сотталушы бостандыққа шықты. Қылмыстық іске қатысы бар Жанар Толыбаеваның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz. Жоғарғы Сот аппаратының мәлімдеуінше, сотталушы қаңтарда Қылмыстық кодекстің 73-бабы негізінде жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініш берген. “Алматы облысы Іле аудандық сотының былтырғы 6 қаңтардағы қаулысы бойынша өтініш қанағаттандырылды. Жазаны өтеудің бақылау процесі пробация қызметіне жүктелді” делінген хабарламада. Айта кетейік, Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Үкім екі жыл бұрын шығарылған еді.