Қытай мен Қазақстан азаматтарынан құралған қылмыстық топ құрықталды

Алматыда биологиялық ресурстар контрабандасымен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушылары сотталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Комитеттің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті Қытай мен Қазақстан азаматтарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында сомасы 470 миллион теңгеден астам артемия салинасы (артемия цистасы) шаяндарының контрабандасын жүзеге асырғаны үшін айыпталған болатын.