«Медицина – адам туғаннан бастап өмірінің соңына дейін араша түсетін жалғыз мамандық. Адамның өмір сүруіне үміт беретін дәрігер. Бүгінгі таңда Қазақстанда 260 мыңға жуық медицина маманы, оның ішінде 78 мыңнан астам дәрігер және 189 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Елімізде күн сайын 2 мыңнан астам ота жасалады, тәулігіне 600-ден астам әйел босанады, стационардан 7 мыңнан астам науқас емделіп шығады, емханаларда 420 мыңнан астам адамға және жедел жәрдем 19 мың адамға қызмет көрсетеді» делінген министр Ажар Ғинияттың құттықтауында.