Мәжілісмен Мақсат Раманқұлов тиісті сауалмен қаржы мониторингі агенттігінің төрағасына жүгінді. Ол депутаттар он жыл ішінде Швейцария банктеріндегі “Панама тізімі”, “Жұмақ құжаттары”, қазақстандық шоттарға қатысты мәселелерді бірнеше рет көтергенін мәлімдеді. “Tax Justice Network халықаралық ұйымының мәліметтерінше, кейінгі 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 миллиард доллар жіберілді. Бұл – бүкіл елдің жылдық ЖІӨ мен оның сыртқы борышына тең. Кейбір ақпарат бойынша, Қазақстанның құқық қорғау органдары кейінгі бес жылда капиталды шетелге заңсыз шығару дерегі бойынша екі жүзден аса іс қозғаған. Алайда бұл жұмыстың нақты нәтижелері, елге сол сомаларды қайтару туралы ештеңе белгісіз”, – деді Раманқұлов мәжіліс отырысында.