Сот шешімі бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Арман Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартуға санкция берілді. Еске салайық, Арман Жұмагелдиев 7 қаңтарда ұсталған болатын. Бас прокуратура өкілі Дикий Арман мен оның тобының 14 мүшесі қамауда екенін айтты.