Жақында ғана полицейдің қолынан қаза тапқан афроамерикалық Джордж Флойд есімді азаматтың өліміне қатысты әнші Димаш Құдайберген өз пікірін білдірді. Бұл туралы ол өз Instagram желісінде жазба қалдырды. “Жаман ұлт болмайды, тек жаман адамдар болады. Барлық адам тең.
Ерте ме, кеш пе барлығымыз Құдайдың алдына барамыз. Бүкіл әлемде бейбітшілік болсын, мұнда біз тек қонақпыз. Расизмге жол жоқ” делінген әнші жазбасында.