Доллар бағамы 396 теңгеге дейін арзандады

3 маусымда Қазақстан қор нарығында доллар бағамы наурыз айынан бері алғаш рет 400 теңгеден төмен түсті – деп хабарлады Авторадио Қазақстан. Таңғы сауда сессиясының қорытындысы бойынша, бір доллар 396,7 теңгені құраған.

Сейсенбі күні кешке бір доллар 402,2 теңге болған еді. Kurs.kz сайтындағы мәлімет бойынша, Алматы қаласының айырбастау пунктерінде күндіз бір доллар 396-398 теңгемен сатылған, 399-400 теңгемен қабылдаған. Бүгін Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 40 доллардан сатылды.