Қазақстан қор биржасы “KASE” таратқан мәліметке сәйкес, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы 452 теңгеге дейін өсті. Осылайша шетелдік валюта бірден 15 теңгеге қымбаттады. Бір күн бұрын, яғни 23-інші ақпанда елде бір доллар құны 437 теңге болды. Қазір елордада валюта айырбастау пункттерінде доллар 470-472 теңгеден сатылып жатыр, ал сатып алу құны 465 теңге.