Air Astana Киевке рейстерді тоқтатты

Украинада әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana Киевке барлық рейсті 7 наурызға дейін тоқтатады. Жолаушылар смс арқылы хабарландырылды. 22 ақпан – 7 наурыз аралығында ұшатын рейстердегі билеттер бойынша 31 наурызға дейін тегін күнін өзгертуге және тегін қайтаруға рұқсат. Киев бағытындағы рейстер туралы ақпарат airastana.com сайтында жарияланады. Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасының Киевтегі Елшілігі азаматтарымызды эвакуациялауды қамтамасыз етуде.