Досаев Алматыдағы Абай даңғылын ұзарту жұмыстары қашан аяқталатынын айтты

Алматының басты көшелерінің бірі – Абай даңғылы қала шекарасына дейін жететін болады. Бұл туралы елорда әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуінде айтты. “Жыл соңына дейін Абай даңғылын қала шекарасына дейін жеткізу жоспарда бар. Қазір жер телімдерін алу және сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ осы айда Жұбанов көшесін созу жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шығарылды. Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейінгі жеткізу жоспарланып отыр”, – деді қала әкімі.