Көлікті заңдастыру: 32 мың адам қазақстандық нөмір алды

Ішкі істер министрлігі 17 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда қанша көлік заңдастырылғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Шетелдік көліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 73 748 азаматтың көлігі сынақтан сәтті өтті, олардың өтініштері қанағаттандырылып, 32 002 көлік заңдастырылды”, – деп хабарлады ІІМ.