Денсаулық сақтау министрлігі үстеме ақы төлеуді тоқтату туралы бұйрықтың жобасын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Оған сәйкес, 1 қазаннан бастап коронавируспен күрескен медицина қызметкерлеріне қосымша төлемдер тоқтатылады. Ал, 1 тамыздан қазір төленіп жатқан үстеме ақының көлемін 50%-ке қысқарту жоспарланып отыр. Айта кетейік, былтыр пандемия кезінде өз өмірлерін қатерге тігіп, дертке қарсы күрескен медицина қызметкерлеріне мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілгені белгілі. Оның ішінде өздері де ауруға шалдығып, вирус жұқтырғандарға қомақты үстемақы төленген болатын.