Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырғандар 5 миллионнан асты

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырғандар 5 миллионнан асты. Бұл Қазақстан халқының 26,2 пайызын құрайды. Денсаулық сақтау министрлігінің 22 шілде күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. 2 миллион 992 мың адам вакцинаның екінші дозасын алған. Бұл халықтың 15,9 пайызына тең. Ақпаратқа қарағанда, 21 шілдеде республика бойынша шамамен 43 мың адам екпе салдыртқан.