Халық бұл туралы келер жылдан бастап өсетіні туралы алдын ала құлағдар болды, деп хабарлайды Хабар 24. Өйткені тиісті шешім биыл 6 қаңтарда қабылданған еді. Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарына шұғыл түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп үлгермеген болуы керек. Бұл жөнінде Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Вице-премьердің сөзіне сүйенсек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы жаңалығы жарияланған бойда Үкімет үнсіз қалған жоқ. Жағдайды бақылауда ұстады. Осы күнге дейін 606 мың салымшы қорда артылған ақшасын пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Бұл көрсеткіш азаматтардың да алдын ала қамданғанын аңғартса керек деді Ералы Тоғжанов.