Жаңа отандық QazCoVac-P вакцинасы 200 мың теңгеге еріктілерге сыналады. Таразда коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCoVac-P вакцинасын сынақтан өткізу басталғалы жатыр, оған 44 ерікті қатысады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бірінші клиникалық сынақтарға 18 бен 50 жас аралығындағы дені сау адамдар іріктелуде. 44 адамның жартысына жаңа препарат егіледі, екінші жартысы плацебо алады. Еріктілерге 200 мың теңге мөлшерінде сыйақы төленеді.