Суицид жасаған оқушының өліміне мектеп директорының қатысы бар ма?

Түркістан облысында емтиханнан кейін оқушы өз-өзіне қол жұмсаған. Үздік оқушы сынақтан төрттік алғанан кейін асылып қалған.  Осы оқиғадан кейін мектеп директоры екі аптаға қызметінен шеттетілді. Тергеу амалдары аяқталған соң, түпкілікті шешім қабылданады, – деді Ордабасы аудандық адам әлеуетін дамыту бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева. Марқұм болған тоғызыншы сынып оқушысының ата-анасы баланың өліміне мектеп директорының қатысы бар деп отыр. Олардың пікірінше, мектеп басшысы емтихан кезінде оқушыға қысым көрсеткен. Ал мекеме директоры болса, оқушының жақсы оқығанын білмегендігін, оған қысым көрсетпегенін айтады.