Білім және ғылым министрлігі мұндай шараларды тек далада өткізуге рұқсат берді. Мектеп әкімшілігі ғимараттың алдына санитайзерлер мен зарарсыздандыру құралдарын орнатуға міндетті. Соңғы қоңырауда түлектердің туыстарына жиналуға тыйым салынған. Аттестат табыстағанда барлық оқушы 2 метрлік қашықтықты сақтауы тиіс. Жиын уақыты 45 минуттан аспауы міндетті. Айта кетейік, соңғы екі айда білім ордаларында өткізілген тексерістер нәтижесінде, 502 мектептің карантин режимін бұзғаны анықталды.