Қазақстанда 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жалпыұлттық халық санағы өтеді

фото:Хабар 24

Әрбір қазақстандыққа 87 сұрақ қойылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы сайты жұмысын бастайды, мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн-режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады. Дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында өтеді, ол белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттер арасында жүргізіледі. Санақ кезінде мәліметтер жинау үшін сәйкестендіргіш ақпарат ретінде сауалнамаға қатысушының ЖСН-і қолданылады. Бұл ақпараттың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.