Елде 600 мыңнан астам адам таза судан тарығып отыр

Астананың өзінде тапшылық қатты сезіле бастады. Өзекті мәселе бүгін Үкімет отырысында қаралды. Жиында белгілі болғандай 2025 жылдың соңына дейін елдегі барлық қала мен ауыл тұрғындары ауызсумен қамтамасыз етіледі. Биыл бұл жұмыстарға бюджеттен 280 млрд теңге бөлінді. Жыл соңына дейін жұртты тіршілік нәрімен қамту қалаларда – 98,8, ауылдарда – 96,3 пайызға жетеді. Қазір Премьер-Министр көптеген азамат суды үнемдемейді деді. Сондықтан саланы цифрландырып, жаңа тариф енгізу көзделіп отыр. Бұл мәселе жаңа су кодексі мен бағдарламалық құжаттарды дайындау кезінде ескеріледі.