Елімізде заңсыз сақталған мыңға жуық қару тапсырылды

Елімізде заңсыз сақталған 951 қару және 13 мыңнан астам оқ-дәрі Ішкі істер министрлігіне тапсырылды. Қабылданған қарудың жалпы құны 64 млн теңгеге жуықтайды. 10 сәуірде басталған акцияға республикалық бюджеттен 88 млн теңге бөлінген. Өз еркімен қару тапсыру бойынша Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстары көш басында. Ал тарихи құндылығы бар қарулар криминалистикалық бөлімдердің заттай коллекциясына немесе Ішкі Істер Министрлігінің мұражайларына берілуі мүмкін.