Банкроттыққа өтініштердің көп бөлігі қарызы 5,5 млн теңгеден аспайтын азаматтардан келіп түседі. Елімізде осындай 1 млн-нан астам борышкер бар. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов осылай деді. Сондай-ақ ол ережеге қосымша талаптар енгізілгенін жеткізді. Мәселен, соттан тыс банкроттыққа жүгіну үшін азаматтың қарызы соңғы 12 айда өтелмеген болуы шарт. Банкроттыққа өтініш бермес бұрын банкпен есеп айырысу рәсімі жүргізілуі тиіс. Енгізілген тағы бір өзгеріс, енді кейінгі 6 айда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың, және берешегі 5 жыл бойы өтелмеген азаматтардың өтініштері қаралатын болды. Банкроттыққа өтініштер 3 наурыздан бастап онлайн түрде қабылданады. Одан арғы рәсімдер 6 айға дейінгі уақыт ішінде қаралып, нақты шешім шығарылады. Айта кетейік, жеке азаматтардың банкроттығына қатысты барлық сұрақтар 1459 бірыңғай нөмірі бойынша қабылданып жатыр. 12 ай бойы төлем уақытылы түспесе, онда тек қана осы бірінші процедураға жатады. Егер жеке тұлға 2-3 ай төлемей осы баркноттық рәсімге жүгіне алмайды. Не себепті біз шектеу қойып отырмыз, себебі банкроттықты кей азаматтар кредитті кешіру деп ойлап жатыр. 1-2 ай төлемесе мен банкрот болайын деген жеңіл шешім қабылдамауы үшін 12 ай төленбесе, қиын жағдай ғана болса, банкпен реттеу жұмыстары жүргізілсе ғана содан кейін банкроттыққа келсін деген салмақты шешім үшін қабылданған.