Солтүстік Қазақстан облысында екі күннен бері іздестіріліп жатқан 10 жастағы бала табылды

Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған 10 жастағы баланы екі күн бойы 200-ге жуық адам іздеді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Уәлиханов ауданында баланың жоғалғаны 26 қаңтарда белгілі болды. “Бала дереу медициналық мекемеге жеткізілді, қазір дәрігерлер оны қарап жатыр. Ювеналды полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, отбасымен жұмыс жүргізіледі. Іздестіру шараларына атсалысқан аудан тұрғындарына алғысымды білдіремін”, – деді аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Руслан Әлижанов.