Елде шылым шегуге тыйым салынған орындар тізімі жарияланды. Жабық автобус аялдамаларында, балалар алаңдарында, метрода және жерасты өткелдерінде электронды темекі, кальян және темекі өнімдерінің барлық түрлерін шегуге тыйым салынады. «Дәмханаларда, қоғамдық орындарда, жазғы кафелерде кальянды шегуге болмайды», – деді алкоголь және темекі өнімдерін сату қауымдастығының атқарушы директоры Темірлан Жақыпбеков.