Алматыда 5 жол учаскесінде автобус жолағы пайда болады

Алматыда 5 жол учаскесінде автобус жолағы пайда болады. Бұл туралы Қалалық мобильділік басқармасы мәлімдеді.
Қоғамдық көлік жолақтары:
1.Құлжа тас жолының Рысқұлов даңғылынан Халиуллин көшесіне дейінгі аралығында;
2. Халиуллин көшесі мен Тәтібеков көшесінен бастап Райымбек даңғылының Жангелдин көшесіне дейінгі аралығында;
3. Момышұлы көшесінің Төле биден Мөңке би көшесіне дейінгі аралығында;
4. Сүйінбай көшесінің Хмельницкий мен Райымбек батыр көшесі аралығында;
5. Солтүстік айналма жолының Рысқұлов пен Москвин көшелерінің аралығында пайда болады.