Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 22 маусымдағы мәліметіне сай, елде тағы 7 адам қайтыс болды. Олардың басым бөлігі – Нұр-Сұлтанда. Ел астанасында 53, 64, 58, 45 жастағы ер адамдар және 53, 69 жастағы әйел адамдар; Қостанай облысында 71 жастағы ер адам COVID-19 дертінен көз жұмды.
Өлім-жітімді зерттеу комиссиясы бұл марқұмдардың қазасына COVID-19 дерті себеп болды деген шешім қабылдаған. Қазақстанда коронавирустан барлығы 127 адам қайтыс болды.