Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев осылай деп мәлімдеді. Одан бөлек, қант импортын екі есеге түсіру жоспары бар. Наурыз айында Ресей қант экспортына тыйым салғаннан кейін, Қазақстанда қант тапшылығы пайда болды. Былтыр қанттың 70 проценті Ресейден келді. Қазір басқа жолдарды қарастырып жатырмыз. Бұл қант шикізатына қатысты квотаны көбейту. Сосын Ресейге санкция салынғаннан кейін, көлік-логистикалық жолдар қиындады. Бұрын 20 мың тоннаға дейін қант өткізетін болсақ, қазір 5 мың тонна ғана аламыз. Жеткізу мерзімі де ұзарды, – деді Қарашүкеев. Қазір Қазақстанда төрт қант зауыты бар. Министр болжамынша, Ресей қыркүйекте қайтадан қантты экспорттайды. Сол кезде қант бағасы түседі.