Алматыда құрылыс алаңында кран құлады

Соның салдарынан бір адам қаза тапты. Тұрғындардың айтуынша, 20 жылдан аса уақыт бойы тұрғын үй ауласында құрылыс жүріп жатыр. Құрылыс қызметкерлерінің бірі кран астында қалып қойған. Бір адам жарақат алды. Алматы Полиция департаменті адам өлімі туралы ақпаратты растады. Қаза тапқан құрылыс нысанының слесары, 33 жастағы Б. есімді азамат. Қазір жедел-тергеу тобы тергеуге кірісті. Сараптамалар жүргізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деді құқық қорғау органдарының өкілі.