27 қыркүйектен бастап Ashyq қосымшасын қолдана отырып, той-томалақ, отбасылық жиындар өткізуге рұқсат, деп хабарлайды «Хабар 24». Тек әр өңірде эпидахуалға байланысты адам санында шектеулер болады. Бұл талап мәдени, спорттық іс-шаралар мен түрлі конференциялар ұйымдастыру кезінде де сақталуға тиіс. Жалпы елде кейінгі апталарда вирус жұқтыру мен өлім-жітім 60%-ке азайған. Сондай-ақ елде алдағы күндері Ресей, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі, Германия сынды бас-аяғы 16 мемлекетке ұшақ қатынай бастайды. Бұдан бөлек, эпидахуалы тұрақты саналатын 30 елдің азаматтарына Қазақстан аумағына кіруге рұқсат берілді.