Ақбұлақтағы атысқа байланысты екі қылмыстық іс қозғалды

Дүйсенбі кешке Алматы түбіндегі Ақбұлақ ықшамауданында болған атысқа байланысты екі қылмыстық іс қозғалды: бірі – “Адам өлтіру”, екіншісі – “Билік өкіліне күш қолдану”. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов хабарлады.
20 қыркүйекте Ақбұлақта Д. есімді азамат үйден шығару туралы сот шешімін орындатуға келген сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторлары мен төтенше жағдай департаменті қызметкерлеріне оқ атқан. Соның нәтижесінде бес адам қаза болған. Бұлар: екі полиция қызметкері, бір сот орындаушы және үйдің жаңа иесі мен оның досы.
Алматы полициясының айтуынша, оқ атқан адам тергеліп жатыр.