Қазірдің өзінде 30 мыңнан аса қазақстандық салықтық рақымшылыққа ілініп, өсімпұлдан құтылған, деп хабарлайды «Хабар 24». . Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Жалпы биыл бюджетке 12,7 млрд теңге көлемінде салық төлейтін 1 млн 200 мың азаматтың 4,3 млрд теңгеге жуық өсімпұлы автоматты түрде есептен шығарылуы тиіс. Бүгінге дейін 10 мыңнан аса елордалық осындай мүмкіндікті пайдаланып үлгерді. Тізімді Алматы қаласы мен Түркістан облысы жалғайды. Ал, есептен шығарылған өсімпұл бойынша Алматы көш басында. Мұнда 17,7 млн теңге көлеміндегі өсімпұл жойылған. Айта кетейік, салықтық рақымшылық 31 желтоқсанға дейін жалғасады.