Атыраудан Алматыға бағыт алған ұшақ аспанда біраз уақыт қалықтады

Атыраудан Алматыға бағыт алған жолаушылар ұшағы аспанда біраз уақыт қалықтап, қонбады
әуеге көтерілген нүктесіне қайта қону үшін жанармай жағылған. Бұл жағдайға әуекомпанияның баспасөз қызметінде түсініктеме берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 7201 рейсі кезінде ауа желдеткіш бөлімінің істен шығуы туралы дабыл қағылған. “Сондықтан тәжірибелі экипаж ұшу әуежайына, яғни Атырауға оралуға шешім қабылдады. Ережеге сәйкес отын қону салмағына жету үшін жағылған. Бұл әрекет, тиісінше, біраз уақытты қажет еткен, сондықтан ұшақ жерге бірден қонбады. Қону сәтті орындалған соң инженерлік қызмет техникалық тексеріс жүргізді.