Мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын жекеменшік орта білім беру ұйымдарындағы оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшеріне білім алушылардың тұру, оларды жекеменшік орта білім беру ұйымына жеткізу және кері қарай тасымалдау, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарынан тыс қосымша білім беру қызметтері мен білім беру, сондай-ақ ерікті түрде жүзеге асырылатын білім алушылардың тамақтануы үшін төлемақы қосылмайды. Айта кетейік, бұған дейін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін жекеменшік ұйымдардағы ата-аналардың төлемақысы 1 200 АЕК-ті, ал Халықаралық бакалавриат ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын жекеменшік ұйымдарында 2 400 АЕК-ке тең болған. Елімізде 1 АЕК 3 450 теңге.