Ақкент ықшамауданында өрт шыққан тұрғын үйді азаматтық қорғау органдары тексере алмайды

Алматы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков осылай деді. Жалпы департаментте 1024 көпқабатты тұрғын үй тіркелген. “Тексеру жүргізу тәртібін реттейтін ереже бар, биыл 93 нысан тексерілмек. Бұл нысанға шағын және орта бизнеске мораторий жарияланғаны үшін тексеруге жатпайтын шағын кәсіпкерлікке жататын ұйым қызмет көрсетеді. Атап айтқанда қызмет көрсету ұйымы – жеке мүлік бірлестігі”, – деді Ерлан Әлібеков. Оның айтуынша, азаматтық қорғау органдары нысандарды жобалау процесіне қатыспайды. “Біз үнемі өрт тактикасын жетілдіру бойынша жұмыс істейміз. Бірақ құрылыс жобаларын жобалау кезінде құрылысшылар мен құрылыс салушылар сақтауға тиіс қала құрылысы стандарттары бар. 2015 жылдан бастап бизнеске қысымды азайтуға байланысты азаматтық қорғау органдары жер телімдерін алуға, нысандарды жобалауға және іске қосуға қатыспайды”, – деді Ерлан Әлібеков.