Бұған 1 сәуірден бастап күшіне енетін аяқ киімді таңбалау туралы заң әсертіп отыр. Өйткені әр аяқ киімді таңбалау кәсіпкерлер үшін қосымша шығын. 1 сәуірден бастап елде арнайы таңбасы жоқ аяқ киімдерді сатуға тыйым салынады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. Кәсіпкерлердің айтуынша, әр жұп аяқ киімді реестр сайтына енгізіп отырасың. Бұл қосымша еңбек күшін қажет етеді. Уақыт алады. Әрі қып-қызыл шығын. Ал жауапты мамандардың пайымынша, бір жұп аяқ киімді таңбалау құны бар болғаны 2 теңге 68 тиын.