Астанада ер адам имамды 13 жерінен пышақтап кеткен

Аталған факт бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Барлық қажетті сараптама тағайындалды. Бұл туралы Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиғаға қатысы бар ер адам ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне қатысты соталды тергеудің өзге де мәліметтері жария етуге жатпайды.