Жауын-шашын тоқтайды. Синоптиктер 7-9 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжам бойынша, солтүстік-батыс антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.”Республика бойынша түнде және таңертең тұман, шығыста және орталықта – көктайғақ, төмен бұрқасын, батыста – шаңды дауыл болуы мүмкін. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 10-нан 18-ге дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 8-ден 15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда 15-тен 20-ға дейін жылы болады”, – делінген хабарламада.