Елімізде ұн бағасы өсті

1-сорттың келісі екі жүз теңгеге жуықтады. Бұл жаздағыдан 70 теңгеге жоғары. Парламентарийлер азық -түлік келісім шарт корпорациясының резервінен қосымша ақша бөлуді сұрап отыр. Олар тауар нарықтарынан бидайды қосымша сатып алуды талап етеді. Көлем жеткілікті болуы керек. «Нұр Отан» фракциясы мүшелерінің айтуынша, бұл нанға ғана емес, жарма мен макарон өнімдеріне де бағаны тұрақтандыруға көмектеседі. Әйтпесе азық -түлік нарығындағы қымбатшылық одан ары қыспаққа алуы мүмкін,- деді Ғалым Әміреев. Депутаттың айтуынша, диірменшілерге шикізат жетіспейді. Астық өңдеушілер қауымдастығы тапшылықтың жасанды жолмен жасалатынын мойындайды.