Ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны жымқыруда жылдан-жылға бірдей схемалар қолданылып келген, деп хабарлайды «Хабар 24». Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов осылай дейді. Оның айтуынша, субсидиялау ережелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне толы. Ақпараттық жүйелер алаяқтарға келгенде осал. Бөлінген субсидияның мақсатты жұмсалуы бақыланбайды. Мұндай тәсілдер жемқорларға жол ашып беріп отыр, – дейді агенттік басшысы. Мал және егін шаруашылығына, суармалы жер, жайылымға бөлінген қаражат діттіген жеріне жетпей шенеуніктердің қалтасына кетіп отырған. Тіпті базадағы ақпараттарды фермерлердің атынан электронды цифрлық қолтаңба жасап, бұрмалағандар болған. Ал жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты тексеру бойынша 20-дан астам қылмыстық іс қозғалды.