Естеріңізге сала кетейік, “Қазақстан аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы” Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілген болатын. «Биыл наурыздың 1-і, сағат 00:00-ден бастап ел аумағында 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) орнатылады. Нәтижесінде Астана, Алматы қалалары және Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында ақпанның 29-нан наурыздың 1-не қараған түні жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек”, – деді сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.