Жоғарғы Сот министрлікті сурдлимпиадалық ойындардың жеңімпазына заңды сыйлығын төлеуге міндеттеді

Еркебұлан Қанафин 2022 жылы Бразилиядағы XXIV жазғы сурдлимпиадалық ойындарға 81 салмақтағы санатта дзюдодан қатысып, алтын медаль жеңіп алған. Бір қызығы, министрлік Қанафинге ақшалай сыйлықты төлеуден бас тартқан. Спортшы бас тартуға байланысты сотқа жүгінген. Сот министрдің атына шешім қабылдау үшін анықталған заң бұзушылықтар туралы жекеше ұйғарым шығарған. Министрлік кассацияға жүгініп, сот актілерінің күшін жоюды сұрады. Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы істі қарап, соттардың тұжырымдарын дұрыс деп тапты. Айта кетейік, чемпионға Үкіметтің қаулысы бойынша 250 мың АҚШ долларын төлеу көзделген.