Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Ведомство басшысы, Мәжіліс депутаттарына осыған қатысты заң жобасын таныстырды. Оның айтуынша, медицина қызметкерлерінің практикалық қызметі қоғамның игілігі үшін үнемі қауіп-қатермен байланысты. Алайда бұл ауыр еңбек қоғамда тиісті деңгейде бағаланбай отыр. Сондықтан,, науқасқа қатысты келтірілген зиянды өтеу үшін,, медицина қызметкерлерінің міндетті сақтандыру жүйесін кезең-кезеңмен енгізу қажет. Заң жобасы дәрігердің мәртебесін арттыру, науқастардың құқығын қорғау және медициналық көмектің сапасын арттыруды мақсат етеді.